Әзірге оның 10 данасы сатып алынған. Жылжымалы радарлардың орналасу нүктелері де өзгеріп отырады. Сондықтан көлік жүргізушілері қомақты айыппұл төлегісі келмесе, ережені үнемі сақтағаны жөн. Радарға жазылған таспаны өшіру де оңай емес. Жылдамдықты асырған көлік номері бірден орталық базаға түседі. «КРИС-П»-ның біреуі 3 млн теңге тұрады екен. Бірақ қысқа уақыт ішінде ол өз құнын ақтайтын секілді. Себебі 2 апталық тестілеу кезінде жылжымалы фоторадарлар 200 млн теңгенің ереже бұзушылықтарын тіркеген.
Жандос Мұратәлиев, Алматы қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары:
-Осы аппараттарды көше бойына қойдық, тексердік. Қандай радиуспен, қандай бұрылыста екендігі тексерілді. Пайдалы екендігін көрдік. Ал жылдамдықты асырған жүргізушілердің суреті онлайн режимде серверге түсіп тұрады.
Loading...