Алматыда халық саны қарқындап өсіп жатыр. Статистикаға жүгінсек, жылына орта есеппен олардың қатары 25 мың адамға ұлғайып отырады екен. Әрине, осындай өсімге сәйкес жер де кеңейтілуі тиіс. Мәселен, былтыр шаһарға іргелес 3 аудан – Қарасай, Талғар және Іледен 23 мың гектарды құрайтын аумақ қосылған еді. Сөйтіп, сегізінші аудан – Наурызбай құрылған.
Тек сол жаңа ауданда шатасу көп. Бұған көше атауларының көп қайталанып кеткені себеп. Мәселен, енді Алматыда 8 Абай, 2 Сейфуллин, 2 Әуезов көшесі бар. Ең көбі - Ілияс Жансүгіров. Қатарынан 12. Бұл, әсіресе, шұғыл қызметтің жұмысына кедергі келтіріп тұр.
Павел Бурда, Алматы қалалық жедел-жәрдем станциясының ақпарат бөлімінің меңгерушісі:
- Көбіне қаланың төменгі бөлігінде қайталанған көшелер көп. Мекен-жайды таппай, адасып қаламыз. Сосын көбіне көшелердің атауы тұрмақ, үйдің нөмірі де жазылмай жатады.
Осы шатасу тіптен шарықтамай тұрғанда қайталанған атаулардан арылу қажет болып тұр. Сол үшін қала билігі қазірден іске ірісіп кеткен.
Мамай Ахетов, Алматы қалалық Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:
-Бүгінгі таңда осындай көшелер қайталанатын біздің қаламызда 165-тей көше. Енді былтыр білесіздер қала аумағына 23 мың гектар аумақ қосылды Осыған орай 27 елді мекен қосылды.Оның 80 пайыздай осы қалада бар көшелер қайталанады екен.
Тек өзгертуге сол атауы қайталанатын көшеде тұрған елдің келіскісі жоқ. Жұрт мекен-жайы ауысса, қағазбастылықтан қағажу көреміз бе деп қорқады.
Фатима Ниязова, Алматы қаласының тұрғыны: (ауд.) /00*24/
-Өзгертусіз-ақ тұрып келдік қой осы үйде. Үлкен Мәметова, кіші Мәметова көшесі деп атасын болмаса. Мен бұл өзгертуді ақша шашу деп есептеймін.
Әкімдік есебіне сүйенсек, Алматы құрамына 27 елді-мекеннен 400-ге жуық көше қосылыпты. Оның 89-ы мүлдем атауы жоқ болса, 170-ке жуығы қайталанып отырғандар. Бірақ 2016 жылға дейін бәрі бірізділікке салынуы тиіс.
Loading...