«Қазір орталық қызметті тоқтатуды маусымның соңына дейін қалдыру туралы шешім алды. Жаңа ғимарат сатып алу және қазіргі жайды күрделі жөндеу туралы мәселе шешілуде. Қазір мәйітхана штаттық режімде жұмыс істеп жатыр», - деп Соттық медицина орталығының Алматы филиалының бұрынғы директоры Ардақ Әлішев мәлімдеді.
Қазіргі кезде А.Әлішев Талдықорғанда орналасқан Алматы облысының соттық медицина орталығына жұмысқа ауысты.