Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары мен экипаж мүшелеріне ескерткіш орнатылды

Көкшетау-Алматы рейсін орындау барысында апатқа ұшыраған ұшақ экипажы мен жолаушылардың аты-жөні жазылған тақта дүйсенбі күні орнатылды, деп хабарлайды компанияның PR бөлімінен.

Ескерткіш қаңтар айының соңында ресми түрде ашылады.

Қайғылы оқиға 2013 жылы 29-қаңтарда орын алған болатын. Ауа-райының қолайсыздығынан жерге құлаған ұшақ бортындағы 16 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі түгел қаза тапты.