Алматы маңында МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды

Ақпарат көздері хабарлағанындай, ұшақ қонуға даярланған кезде құлап, бір ұшқыш қаза болып, екіншісі ұшақтан шығып үлгерген. Қазір ол ауыр халде ауруханада жатыр.

МиГ-29 ұшағы ҚР Қорғаныс әуе күштерінің алтыжүзінші гвардиялық әуе базасына қарасты. Оның экипажы жоспарлы ұшу жаттығуларын орындаған.

Ақпарат көздері хабарлағанындай, апат болған жерде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп, ұшақ бортындағы жазбалар сақталатын қара "жәшік" табылды. Бүгін оқу-жаттығулар тоқтатылды.