Алматы облысындағы Қасымбек ауылындағы 25 моланы белгісіз біреулер қиратып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жергілікті тұрғындар мұны кеше көрген. Бұзақылар кеше таңғы уақытта немесе алдыңғы күні істеген. Полицейлерді шақырып, оларды суретке түсіріп, тексеру жүргізіп жатыр. Кресттер жұлынған, тақтайшаларды лақтырып жіберген, кейбір ағаштан жасалған кресттер сынған", - дейді Қасымбек ауылының тұрғыны Инна Пархоменко.
"Моланың барлығына тимеген, менің білуімше полицейлер 25 санады, бұл кеше кешкісін болды. Кейбір ескерткіштеріді жұлып тастаған", - дейді Пархоменко.
"Адамдардың жүрегіне бұл оқиға қатты батты, себебі бұл киелі ғой. Мұны істегендерде қандай ой болды екен, ал егер ішімдіктің әсеріне болса, мұндай оқиға қайталанбауы тиіс. Бұл дұрыс емес, адамдыққа жатпайды", - деді ол.
Сонымен қатар, Пархоменко зиратты ешкім күзетпейтінін айтты.
Алматы облыстық ішкі істер департаменті сотқа дейінге тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің "Вандализм" бабы бойынша жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
"Оқиға орнында 13 моланың орны бұзылған. Қазіргі уақытта қажетті шаралар жүріп жатыр, күдіктілерді ұстауға бағдар берілген", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.