Алматы маңында жас жігіт тікелей эфирде өз-өзіне қол салды

 "Ол менің Фейсбуктегі жақын досым еді, бірақ Фейсбуктен тыс та араласатынбыз. Бірнеше рет мынадай жазбалар жазған: "Жүрегім ауырады, өмірмен қош айтысқым келеді, өліп кетсем бе екен". Қайдағы-жоқты жазып, қалжыңдайтын… Таңертең оның құрбысы жазды. Жақында қоңырау шалып, денесінің әлі ілулі тұрғанын айтты. Полицияны күтіп, түсірмей отыр екен. Үйі Қоянқұс ауылында. Ол жақсы, мейірімді жігіт болатын, жұмсақ ойыншықтармен бірге ұйықтайтын… Бекжан — суретші", — деді сұхбат беруші телефон арқылы.

Бекжан Канкенов

Алена Мирошниченко сөзіне сүйенсек, Бекжан Қанкенов екеуі әлеуметтік желіден тыс та жақсы достар екен. Өмірде де аралас-құралас болған көрінеді. "Біз 2014 жылы Фейсбукте таныстық. Араласып, өмірде де кездестік — әлеуметтік желіде дос болғасын, өмірде де кездесейік деп шештік. Танысып, достарымызбен жиналдық. Кәуап жеуге, сыра ішуге, концертке, клубқа баратынбыз… Оны бәрі жақсы көретін. Парақшаларын үнемі ауыстырып отырушы еді, себебі үнемі бұғаттап тастайтын".

Өлімнің мән-жайына келер болсақ, сұхбат беруші ол жағынан бейхабар екен. Бірақ Мирошниченко бұдан бұрын да досының суицид туралы ойларын байқапты. "Өзімен сөйлескенімде: қалжыңдаймын, мәңгілік өмір сүремін дейтін. Өзіне назар аударғысы келетін. Бір қызбен ренжісіп қалса, "жүрегім тоқтап қалды деп айта салыңдар" деген пост жазатын. Соны көріп өзіне жаза бастасаң: "Жоға, аман-есенмін, жай ана бір қыздың назарын аударайын дегенмін" дейді. Өзіне көңіл бөлгенін қалайтын. Мас болмаса, мінезі жайсаң. Бірақ көбіне мас болып жүруші еді", — деді Мирошниченко.


Көз жұмған жігіттің FB парақшаларының бірінде өткен түні шыққан хабарлама бар: "Бәріңді жақсы көремін. Бүгін ішімдік ішемін. Ілмек жасады, асылып қалғым келеді". Іле аудандық ІІБ Қоянқұс ауылында тұратын Бекжан Қанкеновтың өз-өзіне қол салғаны туралы мәліметті растады. Жігіттің денесі таңертең 7:29-да табылған.