Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған деп хабарланды. MSK-64 шкаласы бойынша 2-3 баллдық жерасты дүмпулері Алматы қаласында сезілген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
«ҚР БҒМ ҒК Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансасы бүгін Алматы уақыты бойынша 05 сағат 47 минут 39 секундта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында оңтүстік астананың солтүстік-шығысына қарай 190 шақырым жерде 5 шақырым тереңдікте орналасқан.