Алматы маңындағы тау шатқалынан ес-түссіз күйінде табылған бойжеткен құтқарылды

ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағы қызметкерлері Алматы маңындағы тау шатқалынан ес-түссіз күйінде табылған бойжеткенді құтқарып қалды.


           Сәрсенбі күні түскі сағат 15:20 шамасында жасаққа Кіші Алматы шатқалында есінен айырылған қыз табылғаны туралы ақпар келіп түскен.
           Сол жерде оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетілді. Содан соң зардап шегуші ТЖМ-нің Апатты медицина орталығы бригадасына берілді.