Алматы маңындағы тауларда болған дауыл салдарын жою жоспары әзірленді

Жоспар бойынша, өрттен қорғау үшін ормандарды әуеден күзету күшейту; картографиялық материалдарды пайдалана отырып, дауылдан аман қалған көгалдар мен көшеттерді анықтау; мемлекеттік орман қорын тазартып, қалпына келтіруге кететін шығынды есептеу; дауылдан бүлінген орман учаскелерін патологиялық зерттеуден өткізу көзделіп отыр.

«Алдағы уақытта тау сілемдерінің опырылуы мен эрозияға ұшырауына жол бермеу үшін құлаған ағаштардың орнына жаңасын отырғызамыз», - дейді ол.
Министр «Медеу» табиғи бағында болған төтенге жағдай салдарын жою мәселелері жөніндегі жұмыс тобы құрылғанын тілге тиек етті.
«Дауылдан 4 мыңнан астам ағаш құлаған. Қазіргі сәтте бақты құлаған ағаштардан сынған ағаштардан тазарту жұмыстары жүріп жатыр», - деп қосты министр.