Алматы маңындағы Жетіген ауылына жақын жерде МиГ 29 әскери ұшағы құлап, бір пилот қаза болды(2 ші абзац қосылған)

Ақпарат көздері хабарлағанындай, ұшақ қону барысында құлаған. Ұшқыштардың біреуі эскадрилья штабының бастығы, майор Александр Ковязин қаза тауып, екінші ұшқыш, подполковник Виталий Дильмухамедов ұшақтан шығып үлгерді. Ол аураханаға жеткізілді, әл үстінде жатыр.

МиГ-29 ұшағы ҚР Қорғаныс әуе күштерінің алтыжүзінші гвардиялық әуе базасына қарасты. Оның экипажы жоспарлы ұшу жаттығуларын орындаған.

Ақпарат көздері хабарлағанындай, апат болған жерде арнайы құрылған комиссия жұмыс істеуде, ұшақ бортындағы жазбалар сақталатын қара "жәшік" табылды. Бүгін оқу-жаттығулар тоқтатылды.