«24 сәуірде, «Алматы Марафонын» өткізу барысында қалада Астана уақыты бойынша таңғы сағат 07.00-ден 14.00-ге дейін бірқатар жолдар ішінара жабылады. Марафон қашықтықтары өтетін жерлерде автокөлікпен өтуге уақытша мүмкін болмайды.
Яғни, жолдар әл-Фараби даңғылының солтүстік жағынан, Шығыс айналма жолының батыс жағынан және Абай даңғылының оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы үшін жартылай жабылады. Сейфуллин даңғылы Абай даңғылы мен Әл-Фараби даңғылдары аралығында автокөліктер үшін толықтай жабық болады. Жарыс ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы барысында осы ақпаратты ескеруді сұрайды, - деді ұйымдастыру комитетінің директоры Салтанат Қазыбаева.
Жол қозғалысына байланысты «Алматы Марафонының» қашықтықтары жайлы ақпаратты www.almaty-marathon.kz сайтынан табуға болады.