Баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша 18 ақпанда сағат 9.43 минутта 02 басқару пультына №52 орта мектебіне жарылғыш зат қойылды деген хабар келіп түсті. Іздестіру жұмыстарына иттерді жұмылдырған азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері мектеп маңында ешқандай жарылғыш заттарды таппады".
Баспасөз қызметі хабарлағанындай, қауіпсіздік үшін мектептен 540 адам сыртқа шығарылды. Сағат 10.45 минутта іздестілу жұмыстары аяқталды.