Алматы мектептердің бірінде себілген белгісіз газдан 700 адам сыртқа шығарылды

"Алматы қалалық құтқару қызметінің" мәліметтері бойынша, 11 наурызда 051 кезекшілік пультке 14 сағат 31 минутта №94 орта мектеп директорынан ғимараттың ішіне белгісіз бір газдың себілгені туралы ақпарат келіп түсті. Құтқарушы химиктері "Мегакон-10К" құралымен ауадағы зиянды заттардың құрамын тексерді.

"Күкірт газының құрамы белгіленген нормадан 23 есе (11,8 млг/м3) артық болып шықты. Бұл адам денсаулығына зиянды. Мектептен 700 адам сыртқа шығарылды. №1 балалар клиникалық ауруханасына сегіз бала жеткізіліп тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Мектепте азаматтық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар жөнінде сабақтарды өткізу жөнінде ұсыныс берілді", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.