Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 қаңтарда Алматы облысында Алматы-Талғар тас жолының 10-шақырымында "Ауди" көлігінің жүргізушісі "Субару" автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан "Субару" көлігінде отырған жолаушы әйел оқиға орнында жан тапсырды; екі жүргізуші де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Сонымен бірге, 3 қаңтарда 19 сағатта Алматының Әуэзов ауданында "БМВ" көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам жедел жәрдем көлігі жеткенше жарақаттан қайтыс болды.