Алматы мен Алматы облысындағы екі жол апатынан алты адам қаза тауып, алтауы жараланды



Мекеме ақпаратына сәйкес, 18-тамызда Астана уақыты бойынша 2 сағат 40 минутта Алматы-Бішкек тас жолының 95-шақырымында "Volkswagen" және "ЗиЛ" автокөліктері соқтығысып қалды.

Апат салдарынан "Volkswagen" автокөлігінің жүргізушісі мен оның бес жолаушысы жарақат салдарынан оқиға орнында мерт болды.

Сонымен бірге 18-тамызда Алматының Әуезов ауданында 4 сағатта "Мазда" автокөлігінің жүргізушісі "Мицубиси" автокөлігімен соқтығысып қалды.

Апат салдарынан екі жүргізуші мен төрт жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.