"Күн жылына түсуге байланысты Алматы мен Алматы облысының таулы аудандарында 2000 метрден жоғары жерлерде сәуірдің 6 мен 9 аралығында көшкін түсу қаупі бар",- делінген хабарламада.
Сонымен бірге мамандар осы мерзімде Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында да көшкін түсу қаупі бар екенін ескертеді.
Осыған байланысты тұрғындарға сәуірдің 6 мен 9 аралығында тауларға жасалатын сапарлар мен жорықтардан бас тартуға нұсқау береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті