Алматы мен Ақтөбеде жеті адам көмірқышқыл газынан уланды

ТЖМ мәліметінше, 27 қарашада сағат 10.30-да Алматының Әуезов ауданы Ақбұлақ ықшамауданы Аханов көшесінде жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан 9 және 11 жастағы екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді.

Сонымен бірге, 27 қарашада сағат 07.42-де Ақтөбе қаласының Ақжар ауылының №366 учаскесінде жер үйде көмір жағатын пештің ақауы салдарынан бес адам, соның ішінде үш және бір жасар екі бала көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жеткізілді.