Алматы мен Ақтөбеде жол апатынан екі адам қаза тапты

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматының Жетісу ауданында Рысқұлов даңғылы мен Аврора көшелерінің қиылысында 12-желтоқсанда 1 сағат 11 минутта "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісі "Мицубиси" автокөлігімен соғысты. Апат салдарынан "Мицубиси" автокөлігінің жүргізушісі жарақаттан оқиға орнында опат болды.

Сонымен бірге Ақтөбеде Әбілхайыр хан даңғылында 11-желтоқсанда 12 сағат 36 минутта бағытты автобустың жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жарақат салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті