Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша турнир кестесінде "Алматы" мен "Атырау" командалары 28 ұпаймен қатар келеді. Ұпай коэффициенті бойынша алда тұрған алматылықтардың атыраулық құрдастарынан бір ойыны кем.
Айта кетейік, "Атыраулықтар" қызылжарлық "Есілді" 3:0 етіп ұтқанымен, Оралдың "Конденсатына" 1:3 болып жеңіліп қалған болатын. Олар бұған дейінгі ойындарда қызылжарлықтарды екі рет 3:1, ал оралдықтарды 3:1 және 3:2 етіп жеңді. Ал Алматылықтар болса хромтаудың "ТНК Қазхромынан" 3:2 есебімен басым түсті, олар бұған дейін екі рет 2:3 есебімен жеңіліс тапқан еді.
Турнир кестесіндегі үздік үштікті көшбасшылардан төрт ұпайы кем оралдықтар түйіндеуде. Ал хромтаулықтардың қоржынында - 23, "павлодарлықтарда" - 21, қызылжарлықтар мен өскемендіктерде ("Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс") 10 ұпайдан ғана бар. Олардың арасында "Есілдің" бір ойыны кем. Бұл тур 15 ақпан күні аяқталмақ.