«Алматы» мен «Барыстар»: екінші матч қонақтардың пайдасына шешілді

Онда алматылықтар алғашқы матчтағы өз басымдығын сақтап қала алмады. Бұл сайыста 1 кезең 15:19, екінші кезең 21:20, үшінші кезең 13:23, төртніші кезең 16:20 есбімен аяқталды.

Алматылықтар сейсенбі күні 80:71 есебімен (17:17, 28:20, 17:19, 18:15) жеңіске жеткен болатын. Онда ұпай айырмашылығы - 9 болса, сәрсенбіде қонақтар оны 17-ге дейін жеткізіп, жалпы есепте 145:153 есебімен жеңіске жетті. Енді алматылықтардың келесі қарсыласы Ақтаудың «Каспий» клубы болмақ. Бұл сайысты да 24-25 қараша күндері өз алаңында өткізбек.