Алматы мен Оңтүстік Қазақстанда өрттердің салдарынан 3 адам, соның ішінде бір жас нәресте қаза тапты

ТЖМ мәліметінше, Оңтүстік Қазақстан облысының Ынтымақ ауылында жай үйде 175 шаршы метр аумақта шыққан өртті сөндірген кезде 2 адамның, соның ішінде екі жасар баланың мәйіті табылды. 16 жасар қыз көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жатқызылды. Өрт ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 43 адамы мен 7 техникасының күшімен сөндірілді.

Сонымен бірге, Алматыда жай үйде шыққан өрт салдарынан 21 жастағы жігіт көмірқышқыл газынан уланып, жедел жәрдем көлігі келгенше көз жұмды.