ТЖМ мәліметінше, Алматы қаласында бүгін 4 сағат 08 минутта жай үйде шыққан өртті сөндірген кезде бір адамның мәйіті табылды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қаза тапқан кейуана 80 жаста болған.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен 4 адамының күшімен 4 сағат 43 минутта сөндірілді.
Сонымен бірге Өскемен қаласында 4 ақпанда 13 сағат 57 минутта өртті сөндірген кезде қаза тапқан 8 жасар баланың мәйіті табылып, 6 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен 12 адамының күшімен 15 сағат 52 минутта сөндірілді.
Бұған қоса Қарағанды облысының Қарабас ауылында 4 ақпанда 8 сағат 37 минутта АК 159/18 түзету мекемесінің әкімшілік ғимаратында өрт шықты. Баспасөз қызметінің мәліметінше, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 4 арнаулы техникасы мен 18 адамының күшімен 9 сағат 30 минутта сөндірілді.