ТЖМ мәліметтері бойынша, 8 қаңтарда Алматының Шаңырақ ықшам ауданындағы үйлердің бірінде көмір қышқыл газынан 4 адам уланып, ауруханаға жеткізілді. Оның екеуі жас нәресте.
"Жер үйдегі пештің дұрыс жұмыс істемеуінен адамдар көмір қышқыл газынан уланған", - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, Таразда табиғи газды пайдаланып отырған үйлердің бірінде пештің істен шығуынан 5 адам уланып, ауруханаға жатқызылды. Оның екеуі кәмелеттік жасқа толмағандар.