Мәселен, Алматының Әуезов ауданы Шаңырақ ықшам ауданында жеке меншік үйде көмір жағатын пешті пайдалану ережелерін бұзуға байланысты үш адам, соның ішінде бір жас шамасындағы бала мен 9 жасар ұл уланды. Олардың бәрі бүгін таңертең ауруханаға жеткізілді.
Ал Таразда Сатыбалдиев көшесіндегі жай үйде 7, 12 және 13 жастағы үш бала мен 31 жастағы әйел көмірқышқыл газынан уланып ауруханаға жатқызылды. Улану себебі тағы сол - көмір жағатын пешті дұрыс пайдаланбау.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті