Алматы метрополитені сурет байқауын жариялады

Байқауға жалпы орта білім мектептерінің оқушылары, қосымша білім беру мекемелерінің, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері, елдегі балалар мен жастар ұйымдарының мүшелері қатыса алады.

Жеңімпаздар жас ерекшеліктері бойынша 3 топта (1-5, 6-7, 8-11 сынып оқушылары) анықталады. Үміткер байқауға бір ғана жұмысын жібере алады. Қосымша ақпараттарды +7 (727) 3968776 телефон нөмірі бойынша білуге болады.

Суреттерде бірлескен авторлыққа жол берілмейді. Олар ата-аналар мен педагогтардың көмегінсіз орындалуы қажет. Сондай-ақ туындылар: таңдалған тақырыпқа сай болу, суреттің түпнұсқалығы, орындалу сапасы және басқа да критерийлер бойынша бағаланады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады. Ал олардың суреттері метрополитен бекеттерінің көрнекті жерлерінде орналастырылады.