Алматы метрополитенін күту үшін 2012 жылы Қазақстан бюджетінен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген

«2011 жылдың желтоқсан айында Алматы метрополитенін күтуге жергілікті қазынадан 144 531 000 теңге қарастырылды», - делінген басқарманың агенттік сауалына берген жауабында.

Ал, 2012 жылы республикалық бюджеттен 2 млрд 80 млн теңге бөлініпті.
Метроның бірінші кезегі 2011 жылы 1-желтоқсанда пайдалануға берілген болатын. Ұзындығы 8,56 шақырымдық желі «Райымбек», «Жібек Жолы», «Алмалы», «Абай», «Байқоңыр», «Әуезов театры» және «Алатау» деп аталатын жеті станциядан тұрады.
Жұмыс күндері метро қызметін орта есеппен 19-21 мың адам пайдаланады.