Алматы метросы тағы бір үлкен жетістікке қол жеткізді


Сайран станциясы Брусиловский мен Тілендиев көшелерінің ортасында орын тепкен. Ал екіншісі “Мәскеу” Өтеген батыр мен Алтынсарин даңғылдарының аралығында. Бүгін арасы қосылған Алматы метросының бұл екі бекеті алдағы жылдың қыркүйегінде қызметке қосылуы тиіс. Аталмыш іске жауапты мамандар, жер асты жолын Алматы-1 темір жол вокзалына дейін жеткізбек. Екінші кезеңнің түйінделер тұсы Қалқаман ықшамауданы арқылы өтіп Райымбек даңғылына шықпақ. Дәл сол жерде үлкен автобекетте салынады екен. Айта кетейік, бүгінде Алматы метросы тәулігіне 24 мың адамды тасымалдайды. Бұл көрсеткіш өткен жылғыдан 18% -ға артық.