Алматы метросын тесттен жолы болмаған түлек бомбалаған

Метрополитен қызметкерлері басында «оқу-жаттығу» деп алдаусыратпақ болған. Бірақ зәресі қалмаған жолаушылар бірден жоғарыға жүгірді. Ал дереу жеткен полицейлер бомбаны бір сағатқа жуық іздеп таба алмады. Сөйтсе, мектепті жаңа бітірген бозбала жарылғыш зат туралы жалған ақпаратты ерігіп отырып айтқан екен. Тәртіп сақшылары қалжыңбасты лезде тауып, «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Ал төленіп қойған жол ақысының орнына жұртқа арнайы талондар таратылды.

Айгүл Ешмағамбетова, Алматы метрополитенінің баспасөз хатшысы:

-Бомба жатыр немесе өрт шықты немесе тағы басқа төтенше жағдай болды деп ойнап қалжыңдап, мұндай телефон шалып, елді әбірерге түсіруге болмайды. Сондықтан да біздің сұранатынымыз – келешекте жеткіншектер мұндай іс-әрекеттер жасамаса дейміз.

Loading...