Алматы метросынан «бомба» деген жазуы бар пакет табылды

Ұсталғандар өз кінәларын бірден мойындады. Әрі «жалған жарылғыш затты қызық көру үшін қойдық» деп отыр. Көңіл көтереміз деп құтқару қызметін әуре-сарсаңға салғандар енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады.Айта кетейік, метроның «Алатау» бекетінде «Бомба» деген жазуы бар полиэтилен пакет өткен жексенбі күні табылған. Оқиға орнына шұғыл жеткен саперлар оның ішінен жарылғыш затты емес, аяқ-киім қорапшасын тапқан.


Ербол Кенеев, Алматы метрополитені ішкі қауіпсіздік
бөлімінің бастығы:

-Біз оларды бейнебақылау камералары арқылы анықтадық. Бомба деп пакет қойған соң, күдіктілер жайбарақат метро ішінде серуендеп жүрген. Енді оларға қандай жаза қолданылатынын сот шешеді.