Алматы метросының "Райымбек" станциясынан "Алатау" станциясына дейінгі салынып жатқан бірінші кезегінің аралық туннелінің соңғы түйісуі болды

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы түйісу арқылы Райымбек станциясынан (Райымбек даңғылы, Фурманов көшесінің қиылысы) Алатау станциясына (Абай даңғылы, Гагарин көшесінің қиылысы) дейінгі аралық туннельдердің құрылысы аяқталған.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов "Байқоңыр" станциясының станциялық туннелін қамтитын сол жақ аралық туннельдің соңғы түйісуі оқиғасына байланысты өткен салтанатты шараға қатысты.

Әкім Алматы метрополитенінің үздік жұмысшыларына құрмет грамоталарын табыстады. "Бүгін біздің қаламыз үшін маңызды оқиға. Құрметті метро құрылысшылары, мен сіздерді осы мерекемен құттықтаймын. Алматы метросының 20 жылдық құрылысында әртүрлі кезеңдер мен қиындықтар кездескен. Дегенмен, 2003 жылдан бері мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаражат бөлініп, құрылыс алға жылжу үшін барлық күш-жігерлер жұмсалуда. Қазіргі таңда біз соның нәтижесін көріп отырмыз. Кеше кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы барлық метро құрылысшыларына қажырлы еңбектері үшін ризашылық білдіретінін айтуды және осы маңызды оқиға бойынша құттықтауын жеткізуді өтінді", - деді А. Есімов.