Алматы облыстық әкімшілігі учаске инспекторларына арнап 22 пәтер бөлді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, әкім сондай-ақ тәртіп сақшыларына 44 автокөлік табыс етті. “Алматы облысындағы әрбір тәртіп сақшысы автокөлікпен, өзіне қарасты учаскеде пәтермен және телефон байланысымен қамтамасыз етілуге тиіс”,- деді ол.

Облыс әкімі 2006-жылдың аяғына дейін тәртіп сақшыларына тағы да 150 автокөлік беріледі деп сендірді.

Жалпы алғанда С.Үмбетов облыстық полицияның іс-қызметі туралы жылы лебіз білдірді.