Мұқан Төлебаевтың халық аспаптар оркестрі «Той бастар», «Аяулы мекенім», «Шашу» туныдыларын тамаша орындады.
Астаналықтарды «Шеберлер ауылы», «Ұлттық киім үлгілері ауылы», «Қолөнер бұйымдары ауылы», «Ұсталық зергерлік бұйымдар ауылы», «Қылқалам шеберлері ауылы» мен Қазақстан халқы Ассамлеясының Алматы облысынан «Достық - асыл қазына» киіз үйі құшақ жая қарсы алуда.
Кешке елордалық Қ.Қуанышбаев атындағы драма театрда Бикен Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының қойылымдары болады.
Мәдени бағдарламаны Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналған «Дүлділ жырдың, бұлбұл жыршысы» атты Алматы облысы ақындарының айтысы жалғастырады.