Баспасөз қызметінің хабарлауынша, прокурорлық тексеру барысында Қытайдан "Қорғас" кеден бекеті арқылы 12 млрд. теңгенің күнделікті тұтыным тауарларын әкелген 7 кәсіпкердің салықтан жалтару дерегі әшкереленді. Мемлекеттік кіріске құйылмай қалған жеке кіріс салығының мөлшері 3 млрд. 840 млн. 894 мың теңгені құрады.
Беті ашылған деректерге қатысты іс материалдары Алматы облыстық экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне жолданды.