Даркен Нұржанұлы НҰРЖАНОВ
1981 жылы туған. Білімі жоғары. Қазақ ұлттық техникалық университеті, Қазақ аграрлық университеті, Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша - полиграфия өндірісінің инженер технологы, заңгер, сәулетші.
Еңбек жолын Алматы қаласындағы «Қазақстанның Жастар Ақпарат қызметі» қоғамдық қоры бағдарламасының үйлестірушісі болып бастады. Әр жылдары Қарасай ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінде инженер, аға инженер, сектор және бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің басқармасында сарапшы, бас сарапшы қызметтерін атқарған.
2013 жылдың қыркүйегінен бері - Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы басшысының орынбасары.
Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің өкімімен Танекенов Бағлан Сағындықұлы Алматы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Алматы облысы әкімінің өкімімен Танекенов Бағлан Сағындықұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы қызметінен босатылды.