Әбдірайымов Ғалымжан Райылұлын және облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалған Дүйсембінов Сұлтан Мырзабекұлын облыс активіне таныстырды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Өңір басшысы жаңа өзгерістерге байланысты облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы міндеттерді бөлу қайта қарастырылатындығын айтты.
Еңбек жолын Жамбыл облысында «Шығыс» колхозында құрылыс учаскесінің мастері болып бастады. Әр жылдары шаруа қожалығының төрағасы, сәулет-құрылыс фирмасының атқарушы директоры, Алматы қалалық орталығы лицензиялау, сәулет-қала құрылысы қызметінің сарапшысы, бас маманы, бөлім бастығы, директоры, Алматы облысы бойынша сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау аумақтық басқармасының бастығы, Астана қаласы бойынша индустрия, сауда және шағын бизнесті қолдау департаменті директорының орынбасары, Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы, Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестаттау департаментінің директоры - Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылыс инспекторы, Қазақстан Республикасы даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
2014 жылғы қыркүйектен - Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы.
1959 жылы туған. Алматы сәулет-құрылыс институты, Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша - инженер құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Казколхозспецстрой» тресі №2 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері болып бастады. Әр жылдары ауданаралық сауда базасының прорабы және директордың орынбасары, сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры, облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары, Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Ескелді ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2011 жылдан - Қаратал ауданының әкімі.