Алматы облысы әкімінің орынбасары Серік Тұрдалиев жұмыстан кететінін мәлімдеді. Өз еркімен әкім орынбасары қызметінен кетіп бара жатқанын ол Фейсбук желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалғаныма 5 жыл толды. Әрине, бұл - аз уақыт емес. Осы жылдар ішінде тәжірибе жинақтадым. Көптеген жұмыстар атқарылды. Бірақ әр нәрсенің өз уақыты бар және жаңа көзқарас қажет. Сондықтан басшылықтан мені өз еркіммен жұмыстан босатуды сұрадым», - деп жазды Серік Турдалиев Фейсбуктегі парашасына. Сондай-ақ ол Алматы облысының даму әлеуетінің жоғары екеніне сенім білдірген. Алайда Тұрдалиевтың көмекшісі де, Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіндегілер де аталған жайтқа байланысты әзірше ресми мәлімет берген жоқ.