Алматы облысы аумағында көлік қозғалысы шектелді

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 12:30-дан бастап барлық автокөлік түрлері үшін «Сарыөзек-Көктал» жолының 0-68 шақырымы аралығындағы Сарыөзек пен Алтынемел аралығында  көлік қозғалысы шектелді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта сонымен қатар Алматы облысы өңіріндегі боран салдарынан «Үшарал-Достық» жолының 83-173 шақырымындағы Көктума мен Достық учаскесінде жол жабық.