Алматы облысы аумағындағы республикалық маңызы бар жолда көлік қозғалысы жанданды

Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, 2012 жылғы 31 желтоқсанда сағат 18.00-ден бастап боранға байланысты «Сарыөзек-Көктал» автожолының 46-180 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жолға шығуға тыйым салынған еді. Бүгін сағат 11.50-ден бастап аталған жол ашылды.

Бұдан бөлек, боран салдарынан өткен жылғы 21 желтоқсаннан бері «Үшарал-Достық» жолының 93-184 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды.