Алматы облысы Іле ауданы әкімінің көмекшісі пара алу үстінде ұсталды

Іле ауданы Өтеген кентінде «Алматы-Қапшағай» күре жолында сомасы 21 000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан кезде Іле ауданы әкімінің көмекшісі М. Жұмағұлов пен аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Ф. Ерқожановты ұстады.

Алматы облысы прокуратурасында хабарлағандай, ақшаны жер учаскесінің мақсатты тағайындауын өзгерту үшін алмақшы болған.


Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот алды тергеу жүргізілуде.