Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды

Қызметін асыра пайдаланған деген баппен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Оның 3 қыркүйекте ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-тармағының 3-бөлімінде және 362-бабының 4-тармағының 3-бөлімінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзғаны үшін ұсталғаны анықталып отыр. 

Бағдат Қарасаев Іле ауданын 2018 жылдық қыркүйек айынан бастап басқарып келеді. Оған дейін Алматы обылысы әкімінің кеңесшісі, Талдықорған қаласының әкімі, облыс әкімінің аппаратының бастығы болып қызмет атқарған.

Іле ауданының әкімшілік орталығы – Өтеген Батыр ауылы. Бұл аумақ арқылы теміржол тораптары, автокөлік жолдары өтеді. Алматы облысының ең бай ауданы болып есептелінеді. Ел бюджетіне көп пайда түсіреді.

"Осында айта кететін бір жәйт бар. Іле ауданына қарасты КазЦИК деген ауылда 4-5 жыл бұрын жаңа мектеп пайдалануға берілген. Оның ашылған соң көп ұзамай қабырғасы қақыраған. Ал былтырғы жер сілкінісінде ол апатты деп танылып, сол маңдағы мектеп оқушылары 1 жыл онлайн оқыды. Жергілікті билік нақты шешім қабылдай алмай уақыт өткізді. Ең қызығы жаңа оқу жылында мектеп сол күйі жөнделген жоқ. Тиісінше халық игілігіне берілмеді. Тағы онлайнға кеткен оқушылардың ата-аналары кеше ереуілге шықты.

Іле ауданында Білім бөлімін 15 жыл басқарған әйел былтыр қамалған еді. Ал әкімнің осы іске қатысы бар ма? Неге ұсталды? Ақпарат күтеміз", - деп жазды Ришат Асқарбекұлы.