Алматы облысы ПД башысы Серік Күдебаевтың қызметінен кеткені хабарланды

Оның орнына кім келгені әзірге белгісіз, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл туралы Михаил Казачков Telegram арнасы жазды. Онда Серік Күдебаевтың қызметінен кеткені туралы жазылған.

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтар айында Алматы облысы ПД бастығы болып тағайындалған болатын. Ал оған дейін ол Алматы қаласын 7 жыл басқарған еді. Серік Күдебаев 1965 жылы 1 қаңтарда Алматы облысындағы Шиелі ауылында дүниеге келген.

Серік Күдебаевтың орнына ІІМ басшысының орынбасары Арыстанғали Заппаров келеді деген де нұсқа бар.