Облысымызға келушілер санына талдау жүргізу барысында карантиннің алғашқы күні-ақ өтушілер саны 7000 адамға дейін қысқарды. Бұған дейін күніне 20 000 адамға дейін бекеттен өтетін. Сәйкесінше, көліктер саны да 12 мыңнан 5 мың көлікке дейін азайды, - деді облыстық Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Бағдат Әшімов.
Халық арасында жүргізілген сауалнама барысында тұрғындар мен облыс қонақтарының санитарлық алдын алу шараларына түсіністікпен қарайтыны және өз өмірін қатерге тігіп, қиын шақта бекеттерде қызмет етіп жатқан қызметкерлерді қолдайтыны белгілі болды.
Анықтама: қазіргі уақытта облыс аумағында 131 бекет қызмет атқарады. Оның ішінде 65 санитарлық және 66 мобильді бекет бар. Полиция, қорғаныс министрлігі және медицина қызметкерлері бекеттен өтушілерді тексеру үшін қажетті барлық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген.