"Науқас тиісті зерттеулерден өткізілді, клиникалық байқау мен зертхана мәліметтері бойынша диагноз расталған жоқ", - деді А. Дерновой.
"Біз бұдан былай осындай оқиғаның алдын алуға қажетті шараның бәрін қолдандық, сондай-ақ, шекарадағы бақылауды күшейтуге қажетті барлық шаралар дәйектелді", - деді министр.
"Қуанышқа орай, науқас үшін де, біз үшін де барлық мәселе шешілді", -деді ҚР денсаулық сақтау министрі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Алматы облысының Алакөл ауданында бір науқасқа алдын-ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған болатын.
"Алматы облыстық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мәліметінше, Алматы облысында 16 мамырда сағат 12.00-де Алакөл ауданында алдын-ала "энтеровирусты инфекция" диагнозы қойылған науқас тіркелді, Қазақстанға 26-сәуірде келген ҚХР тумасы", -деп хабарлады ҚР ТЖМ. Науқас Алакөл аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінің арнаулы боксына жатқызылды.