Алматы облысында 1500 гектар аумақта далалық өрт шықты

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алакөл ауданының Тоқжайлау ауылы маңында 10 қыркүйекте 7 сағат шамасында 1500 гектар аумақта далалық өрт шыққан.

"Өртті сөндіруге 114 адам мен 7 техника, соның ішінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 18 адамы жұмылдырылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті