Алматы облысында 2 оқушы мопедпен газ құбырына соғылып, біреуі көз жұмды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 13 қазанда сағат 14:30 шамасында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 14 жастағы жасөспірім мотоцикл техникасын басқара алмай, газ құбырына соқтығысқан. Оқиға орнында кәмелетке толмаған жүргізуші қаза тауып, оның сыныптасы ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіледі.