Алматы облысында 20 тонна спиртті заңсыз сатпақ болғандар анықталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында ірі көлемдегі этил спиртін сақтау және рұқсат құжаттарсыз өткізу фактісін анықтады. Күдіктілер 20 тонна спиртті 26 млн теңгеге сатуға тырысқан,-делінген хабарламада.


Аталған факті бойынша тергеу басталды, қазіргі таңда қажетті сараптамалар жүргізілуде.