деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Жұмада баспасөз қызметінен таралған ақпаратқа қарағанда, полиция 348 көлікті тауып, заңды иелеріне қайтарып берген.
"Шұғыл-іздеу шаралары барысында 278 күдікті адам 185 және 175 баптар бойынша жауапқа тартылған. Ұсталған тұлғалар ішінде 7 жас келіншек бар, олар да жауапқа тартылды", делінген хабарламада.
Сонымен қатар, баспасөз қызметінен атап өткендей, өткен жылы облыста әсіресе ең көп ұрланғаны "Мазда" маркілі көлік екен - 70 факті және "Ваз" - 37 факті.
2014 жылдың басынан бері Алматы облысының полиция қызметкерлері ұрланған 12 көліктің онын тауып, заңды иелеріне қайтарып үлгерген.