Алматы облысында 2013 жылы «Қол жетімді баспана» бағдарламасымен 866,6 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

Оның сөзіне қарағанда, жеке меншік қаржысына - 827,5 мың шаршы метр тұрғын үй, 10,1 мың шаршы метр коммуналдық тұрғын үй бой көтерген, қалғандары - несиелік, кезекте тұрғандарға жалға беруге және жас отбасыларға арналған баспаналар.  Бюджеттен бөлінген 5,9 млрд. теңге толық көлемде игерілген.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның қатысуымен Қарасай ауданында жалпы аумағы 118,6 мың шаршы метр болатын «Асыл Арман» тұрғын үй кешені құрылысының бірінші кезегі жүргізілуде. Тұрғын үй инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдары құрылысы үшін республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлініп, игерілді», - деді әкім.

Үш жыл ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 1191,1 млн.теңгеге 111 көпқабатты тұрғын үй жөнделіп, тұрғын үйлердің меншік иелерінен 122 млн. теңге қайтарылды.