Тәртіп сақшылары күдіктіні жарты сағаттың ішінде қолға түсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Іле аудандық полициясына 2015 жылғы кішкентай қыз баланың жоғалғаны туралы хабар келіп түсті.
Аталған факті бойынша іздеу жұмыстарына полицияның жеке құрамы толық жұмылдырылып, «жедел іздестіру шаралары барысында баланы жетектеп кеткен адамның түр-тұрпатына бағдар берілді. Сол бағдар бойынша 30 минут ішінде полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адам қолға түсірді. Бала аман-есен ата-анасымен қауышты», - деп мәлім етті облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. Тәртіп сақшыларының мәліметіне сәйкес, оқиға 30 шілде күні Алматы қаласы маңындағы ірі елді мекендердің бірінде болған. Сол күні кешке әкесімен бірге мешітке барған қыз баланы белгісіз біреу алып кеткен. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, соталды тергеу амалдары жүргізілуде.